Абдулла, "ажар" деген рең, кейіп, түр, шырай деген мағынаны білдіретін сияқты. Ажарлы, реңді, шырайлы дегендей. Қызыңыз ажарлы да, реңді де, шырайлы да, ең бастысы, дені сау, иманды болып өссін!
Абдулла, Нәркес деп қойсаңызшы. Өте әдемі естіледі. Және көз алдыңа мөлдіреген, жәудіреген нәркес көздер келеді. Ал Үммігүлсім - Пайғамбарымыз Мұхамемедтің /С.А.С/ қызының есімі.
Абдулла, неткен бақытты жан едіңіз! Екі бірдей қызыңыз бар! Қыз деген нағыз жанашыр халық. Әлі-ақ көресіз! Бойжеткенде келіншегіңіз екеуіңізге серік болады, қолғанат болады. Қыздар негізі әкелеріне жақын болады. Әкелерін қызғыштай қорып, үстінен құс ұшырмайды. Әкелеріндей азамат іздеп, сондай азаматқа тұрмысқа шығуда армандайды. Өздерінен кейінгі бауырларына қамқор болады. Мәселе есімде емес шығар... Мәселе - олардың саналы азамат болып өсуінде. Алла балапандарыңызға жар болсын!
Иә, қарғам, Нурик! Өмірдің өзі - ұстаз ғой. Бұл өмірден көрген-түйгендерім ғана. "Қазақ ұлын өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысылсын, "тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер" деген оймен жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген".
Жаным, Бағила. Рақмет, қалқам. Сол блокқа жазу дегенді ойлап, ашып едім. Соған уақыт жете бермейді. Жұмысым бар. Үй-ішінің күйбің тіршілігі... Дүкенге бару, туған-туыспен араласу т.б. Қолым тие бермейді. Дегенмен, жүрегімнен, өмірімнен ойып тұрып орын алған "Ислам.кз"-ті ашпасам, оқымасам, күніне бірнеше рет шолмасам отыра алмаймын. Осында бір сырластарым, жақын туыстарым, сен сияқты қыздарым мен ұлдарым бір жақсы жаңалық айтып, бір керемет мақала жариялап, соны жіберіп алатындай, шөліркеп отырам. Бір жағынан, жасым ересек болған соң, ыңғайсызданам. Себебі, мұндағылардың бәрі өрімдей жас. Мен сияқты қырықтан асқандар бірен-саран сияқты. Тіпті жоқтың қасы. Алайда, мені тыңдайтын, мені іздейтін, мені оқитындардың барына қуанам. Аллаға мың да бір шұкіошілік етем! Отбасым, туған-туысым менің ет жақындарым болғанмен, сендер менің дін табыстырған бауырларымсыңдар. Сол нығметі үшін Аллаға сансыз шүкіршілік!
Ляйла апай мен де кереметтей жас емеспін 35 ке толам биыл. Бірақ сіз өзіңізді тым қартайтып жібердіңіз-ау)))
Қырық деген қайда жап-жассыз))) Әңгімелеріңіз барлығының көңілінен шығады деп ойлаймын.
Екі дүние сардарының сүйікті жұбайы
Мүміндердің сүйікті анасы
Ұлы халифаның (Әбу Бәкір) қызы
Көптеген жас сахабалар мен табиғиндердің ұстазы
Інжу, Алима, Дәмелі, Нұрлы қазақи аттар.
Кәусар
Інжу
Сакина
Қырық деген қайда жап-жассыз))) Әңгімелеріңіз барлығының көңілінен шығады деп ойлаймын.
КӘЛИМА деп қойыңыз мағанасы терең ғажап есім, өзі сондай нәзік және өзгеше нұрлы естіледі
Атына сай болсын ин ша Алла.
Барлықтарыңызға рахмет. Бар болыңыздар!