Қыз іздеймін!

Ассалаумағалейкум достар!

Қыз балаға жақсы есім іздеймін...

Қандай ойларыңыз бар?

Алдын ала рахмет

Қыз есімдері
АбдуллаАбдулла
8 жыл бұрын 16155
61 пікір
  • АЖАР
    8 жыл бұрын
    • Ажар деген есім ұнайды. Бірақ мағынасы "тас" болған соң ойланып отырмын :)
      8 жыл бұрын
      • Неге тас, Ажар деген қазақта адеми деген мағына ғой, сиздин айтып турганыныз "хажар" емес пе? !
        8 жыл бұрын
      • "Ажарың ашық екен атқан таңдай" халық әнін естігенде "тас" деген мағынаны тусинесиз бе? )))))
        8 жыл бұрын
        • Ажар дегенде Хажар деген сөз есіме түседі. Содан шыққан ба деп ойлағам. Алла разы болсын.
          8 жыл бұрын
          • Абдулла, "ажар" деген рең, кейіп, түр, шырай деген мағынаны білдіретін сияқты. Ажарлы, реңді, шырайлы дегендей. Қызыңыз ажарлы да, реңді де, шырайлы да, ең бастысы, дені сау, иманды болып өссін!
            8 жыл бұрын
  • Жайна
    8 жыл бұрын
  • Сіз де қояды екенсіз тақырыпты....
    8 жыл бұрын
  • Үммігүлсім
    8 жыл бұрын
  • василиса прекрасная
    8 жыл бұрын
  • Ардақ, Айғаным, Зере, Гүлия, Гүлсім, көп қой
    8 жыл бұрын
    • Көп екенін білемін. Мүмкін сіздерден жақсысы шығып қалады деген ойдамын
      8 жыл бұрын
  • Мадина
    8 жыл бұрын
  • Нурай, Райһан, Сафия,
    8 жыл бұрын
  • 8 жыл бұрын
  • Айша,
    Екі дүние сардарының сүйікті жұбайы
    Мүміндердің сүйікті анасы
    Ұлы халифаның (Әбу Бәкір) қызы
    Көптеген жас сахабалар мен табиғиндердің ұстазы
    8 жыл бұрын
  • Менің анамның есімі Фатима. Кәусар деген де жақсы есім
    8 жыл бұрын
  • Абдулла, Нәркес деп қойсаңызшы. Өте әдемі естіледі. Және көз алдыңа мөлдіреген, жәудіреген нәркес көздер келеді. Ал Үммігүлсім - Пайғамбарымыз Мұхамемедтің /С.А.С/ қызының есімі.
    8 жыл бұрын
  • Мен немерем қыз болса солай қояр едім. Алла тіршілікке жазса, қоярмын әлі.
    8 жыл бұрын
  • күнсағила деген есім ұмытылып барады, нағыз қазақы есім, осы есімді қою арқылы өшкенімізді тірілткендей болар едіңіз
    8 жыл бұрын
  • Ескі қазақи аттар жақсы ғой.
    Інжу, Алима, Дәмелі, Нұрлы қазақи аттар.
    8 жыл бұрын
  • Айым, Айзере, Томирис, Айкүміс,Жібек, Марал
    8 жыл бұрын
  • қазақы аттар ұнамаса, Айида, Аилин деп қойсаңыз болады
    8 жыл бұрын
  • Танакөз. Ботагөз,Қарагөз
    8 жыл бұрын
  • Нұрилә, Ләйлә(қасиетті түн), Мәриям, Әмина,
    8 жыл бұрын
  • Арайлым, Меруерт
    8 жыл бұрын
  • сағыныш, самал, сая, толқын, шағала, еңлік
    8 жыл бұрын
  • Тахира, Іңкəр
    8 жыл бұрын
  • Қарлыға
    8 жыл бұрын
  • Нүрикамал
    8 жыл бұрын
  • шұғыла, іңкәр, евдокия петровна
    8 жыл бұрын
  • Айша, Әмина, Фатима, Гулсим, Зере, Марфуға өте әдемі есімдер!
    8 жыл бұрын
  • Klara
    Ғазиза
    8 жыл бұрын
  • Aliya
    Ассаламу алейкум.
    Кәусар
    Інжу
    Сакина
    8 жыл бұрын
  • Жібек
    8 жыл бұрын
  • Абай атамызды тәрбиелеген Зере Әжеміздің есімін қойыңыз, Абайдай ұл тусын. Қазағымның жұлдызын жарқыратсын.
    8 жыл бұрын
  • торғын, дина, динара, бану, гүлжапырақ
    8 жыл бұрын
  • диана, амелия, кэролаин, камшат, кэтрин, мисс марпл, сандуғаш, т.б.
    8 жыл бұрын
  • Саттар ага, атаған есімдеріңіз кызык екен
    8 жыл бұрын
    • біздің міндет - барлық вариантты ұсынып көру, ал таңдау еркі - абдулланың ісі.
      8 жыл бұрын
  • Klara
    Абдулла мырза, кызыңызға кандай есім таңдағаныңызды жазарсыз. Любопытно
    8 жыл бұрын
  • Абдулла, неткен бақытты жан едіңіз! Екі бірдей қызыңыз бар! Қыз деген нағыз жанашыр халық. Әлі-ақ көресіз! Бойжеткенде келіншегіңіз екеуіңізге серік болады, қолғанат болады. Қыздар негізі әкелеріне жақын болады. Әкелерін қызғыштай қорып, үстінен құс ұшырмайды. Әкелеріндей азамат іздеп, сондай азаматқа тұрмысқа шығуда армандайды. Өздерінен кейінгі бауырларына қамқор болады. Мәселе есімде емес шығар... Мәселе - олардың саналы азамат болып өсуінде. Алла балапандарыңызға жар болсын!
    8 жыл бұрын
  • Лəйлə апайдың пікірлерін қызыға оқимыз. Улгі-өнеге тұрарлық, ақылға қонымды сөздер айтасыз. Жиі жазып тұрыңызшы.
    8 жыл бұрын
  • Иә, қарғам, Нурик! Өмірдің өзі - ұстаз ғой. Бұл өмірден көрген-түйгендерім ғана. "Қазақ ұлын өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысылсын, "тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер" деген оймен жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген".
    8 жыл бұрын
    • Ляйла апай. Ақыл айтты демеңіз. Бірақ сіз осылай көрген-білгеніңізді әртүрлі тақырыпта блогыңызда жариялап тұрсаңыз күшті болар еді.
      8 жыл бұрын
  • Жаным, Бағила. Рақмет, қалқам. Сол блокқа жазу дегенді ойлап, ашып едім. Соған уақыт жете бермейді. Жұмысым бар. Үй-ішінің күйбің тіршілігі... Дүкенге бару, туған-туыспен араласу т.б. Қолым тие бермейді. Дегенмен, жүрегімнен, өмірімнен ойып тұрып орын алған "Ислам.кз"-ті ашпасам, оқымасам, күніне бірнеше рет шолмасам отыра алмаймын. Осында бір сырластарым, жақын туыстарым, сен сияқты қыздарым мен ұлдарым бір жақсы жаңалық айтып, бір керемет мақала жариялап, соны жіберіп алатындай, шөліркеп отырам. Бір жағынан, жасым ересек болған соң, ыңғайсызданам. Себебі, мұндағылардың бәрі өрімдей жас. Мен сияқты қырықтан асқандар бірен-саран сияқты. Тіпті жоқтың қасы. Алайда, мені тыңдайтын, мені іздейтін, мені оқитындардың барына қуанам. Аллаға мың да бір шұкіошілік етем! Отбасым, туған-туысым менің ет жақындарым болғанмен, сендер менің дін табыстырған бауырларымсыңдар. Сол нығметі үшін Аллаға сансыз шүкіршілік!
    8 жыл бұрын
    • Ляйла апай мен де кереметтей жас емеспін 35 ке толам биыл. Бірақ сіз өзіңізді тым қартайтып жібердіңіз-ау)))
      Қырық деген қайда жап-жассыз))) Әңгімелеріңіз барлығының көңілінен шығады деп ойлаймын.
      8 жыл бұрын
  • Менің есіме жақсы есім түсті

    КӘЛИМА деп қойыңыз мағанасы терең ғажап есім, өзі сондай нәзік және өзгеше нұрлы естіледі
    8 жыл бұрын
  • Халима, София, Зейнеп, Рукия, Зылиха, Асия, Халида, Аиша, Мариам
    8 жыл бұрын
  • 3 қыз, және 16 қыз, және 53 қыз деген халық әндерінің сөздерін тауып алсаңыз мине сизге 62 қыздың есими)))
    8 жыл бұрын
  • анжелина, тоғжан, тамара, фернандо, дариға, гигабайт, күнде
    8 жыл бұрын
  • Саттар,көп есірмесейші,есіміңе лайық бол.
    8 жыл бұрын
  • Сонымен есімін Әмина деп қойдық :)
    Атына сай болсын ин ша Алла.
    Барлықтарыңызға рахмет. Бар болыңыздар!
    8 жыл бұрын
    • Қызыңыздың бауы берік болсын! Өмір жасы ұзақ, мәнді де сәнді болсын!!!
      8 жыл бұрын
  • МашаАллаһ! Керемет есім екен.
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
13233 76 25 433 13